02.05.2017, 09:27
Наполеонның аңызға айналған арғымағының тұяғы табылды
Ұлыбританияда ойламаған жерден француз императоры Наполеонға (1769-1821 жж.) тиесілі араб арғымағы - Маренгоның тұяғын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Британдық БАҚ-тардың хабарлауынша, ол елдің оңтүстік-шығысындағы бір фермердің үйінен шыққан.
Белгілі болғандай, Сомерсеттегі фермердің үйіндегі шкафтан Маренгоның тұяғы табылды. Times басылымының деректеріне қарағанда, бұл олжа зат Наполеон Ватерлоо түбіндегі ұрыста жеңілгеннен кейін 202 жылдан соң кездейсоқ жасалған. Тұяқ табылған үй сол кездегі дәулетті отбасының иелігінде болған көрінеді. Олар аты аңызға айналған Маренгоны француз императорының армиясы 1815 жылы тас-талқан болып жеңілгеннен кейін сатып алған.
Айғырды Ұлыбританиядағы фермада 1831 жылға дейін қашан құлап қалғанша ұстаған. Арғымақ 38 жыл өмір сүрді. Кейіннен оның қаңқасын Лондондағы Челси ауданы аумағындағы Армияның ұлттық музейіне қойған. Бір қызығы, қаңқаның алдыңғы аяғының тұяғы болмаған. Ат өлгеннен соң иесі офицер Ангерстейн одан темекі салатын құты жасаған. Тамақтан кейін шақырылған қонақтар жағалай күміспен безендірілген құтыдағы темекіні иіскейтін болған.
Тегтер:
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13