Мектеп оқушыларының арасында байқау жарияланды
24.01.2017, 11:35

Мектеп оқушыларының арасында байқау жарияланды

Астананың Мемлекеттік мұрағаты еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – бас қалам» байқауын жариялады, деп хабарлайды baq.kz.

 Сайысқа 9-11 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Шығармашылық жарыс: «Астана туралы үздік әңгіме», «Тұлғалар бейнесі», «Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат», «Астананың нышанды ғимараттарына саяхат» және «Жеке мұрағаттан» номинациялары бойынша өткізіледі.

 «Астана туралы үздік әңгіме» номинациясының қатысушылары автордың немесе оның жанұясының жеке өміріндегі Астананың рөлі, оның қалаға бауыр басуы, Астанаға қоныс аударуына байланысты өзгерістер жайлы әңгімелейді. Материалдардың шығармашылық бейнелеуі және стилистикалық сауаттылығы аса бағаланады. Көлемі 2 беттен аспауы керек.

Ал, «Тұлғалар бейнесі» номинациясында, Астананың айтулы архитектуралық құрылыстарының бірі бейнеленген (байқауға қатысушының таңдауы бойынша) фотосуреттерін жіберіп сайыскерлер бақтарын сынайтын болады. Автор сапасы жоғары туындысын ұсына алады. Жеке қағазда фотоқұжаттағы суретте көрсетілген бейне жайлы мәлімет болуы қажет.

«Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат» номинациясына қатысқысы келген азаматтар, байырғы тұрғынмен бейнесұхбат; электронды форматтағы тұрғынмен жеке әңгіме түріндегі сұхбат; электронды «сұрақ-жауап» форматындағы сұхбат материалдары қабылданады.

«Астанаға саяхат» категориясы аясында, Астананың көрікті орындарын сипаттайтын фоторепортаждар қабылданады. Қатысушалыр бір нышанды таңдаулары қажет. Суреттерде бейнеленген орынның қысқаша сипаттауы сондай-ақ, ол туралы қызықты мәлімет болуы шарт.

Байқаудың соңғы номинациясы «Жеке мұрағаттан» деп аталады. Мұнда қаланың құрметті азаматтары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тың игерушілер, жер аударылғандар, әр түрлі саланың өркендеуіне үлес қосып, өз еңбегін сіңірген тұлғалар жайлы ақпарат жолдау қажет. Фотоқұжаттың жеке беттегі түсініктемесі (суретте көрсетілген оқиғаның атауы, уақыты мен болған жері, адамның ата-жөні, қоғамдағы орны) болуы қажет. Жұмыстар электронды түрде astana.gorarhiv@mail.ru. адресіне қабылданады. Сайыс қорытындысы шілде айында шығарылады. Байқау комиссиясы әр номинацияда үш жеңімпазды анықтайтын болады. Үздік жұмыстар арнайы ұйымдастырылған көрмеден орындарын иемденіп, жеңімпаздар салтанатты түрдемарапатталады.

Байқау мақсаты жас буынның Астана тарихы мен қалыптасуына деген қызығушылығын туғызу, патриоттық сезімдерін ояту, оқушылардың Астана тарихына қатысты мұрағат құжаттарын табуы, жастардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру, тарихи мәні бар құнды құжаттармен Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорын толықтыру.

Байқау ережесінің мәтіні Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының www.gosarchive-astana.kz адресіндегі интернет-сайтында жарияланған.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер