Тышқанға құрмет
18.09.2016, 17:17

Тышқанға құрмет

2013 жылы Новосібір академиялық қалашығында бүкіл адамзат  алғыс пен құрметінің белгісі ретінде кәдімгі кеміргіш тышқанға ескерткіш орнатылды. Тышқанға ескерткіш орнатып не көрінді деп ойлауымыз мүмкін, ал шындығында бұл кеміргіштерге біз өте-мөте қарыздармыз?!

Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғылыми тәжірбиелердің 85% тышқандарға жасалатын көрінеді. Лаборотория үшін құрбан болатын сан мыңдаған бұл байғұс тышқандар ғылым үшін не жазып қойды, неге өзге жануарлармен салыстырғанда  бұларға тәжірбие көп жасалады деп ойларсыз. Себебі бұл кеміргіштердің тәжірбиеге қолайлы болатын бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден – олар арзан, екіншіден – денесінің шағындығы бір торда бірнешеуін ұстауға ыңғайлы. Үшіншіден – тышқандар адам секілді сүтқоректі, екеуі де биологиялық жүйеленуіне қарай бір жануарлар класына жатады. Төртіншіден – өте тез көбейеді, мысалы жаңа туған тышқан 6 аптада жыныстық жағынан өсіп-жетіліп, тәжірбие жасалған ата-аналарының орнын алмастырып отырады.

Ғылым жолында құрбан болып жатқан көп жаратылыстың бірі тышқандар үшін тас мүсіннің түкке де қажеті жоқ, бұл жай ғана адамзаттың өзімшілдігін мойындауы болар.

 

К.Жақсылыққызы 

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер