Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге, рухани, мәдени дамуы мен олардың ұлттық санасезімінің қалыптасуына бағытталған іс-шара Астана қаласының 14 жоғары, 35 орта арнаулы оқу орындарының студенттері және
84 жалпы білім беру мекемелері оқушыларының қатысуымен өтеді.
Сонымен қатар іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, қала тұрғындары, қонақтары мен жастарын мерекемен құттықтайды. Көрермендерді өз өнерімен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен шығармашылық топтары қуантатын болады.