Ол Павлодарда бір әйелдің видеоға түсіре отырып, баласын ұрып-соққан жағдайына қатысты пікірін білдірді.
Аружан Сайынның айтуынша, барлығын қатарынан ата-ана құқығынан айыра бермеу керек - әр жағдайда мәселеге тиянақтылықпен қарап, проблеманың негізін табу керек. Ол ата-аналармен жұмыс жүргізіп, қандай жағдай болса да, баланы балалар үйіне бермеудің алдын алу керек деген пікір айтып отыр.
"Видеоны соңына дейін көре алмадым. Анасының бұл әрекетке не себепті барғанын қазір мен айта алмаймын. Қазір әкесінің де, анасының ата-ана құқығы болса, баланы өз уақытында әкесінің отбасына беру керек. Оның үстіне, үлкен өгей қызын күйеуінің отбасы асырап алуға дайын. Ал баланы балалар үйіне беру туралы шешім өте қатаң деп ойлаймын. Қандай жағдай болса да, баланы өз отбасында қалдыру керек, не әкесінде, не анасында - бұл олардың проблемасын шешуге ықпал етеді", - деді Сайын.
Ол бұл жағдайда әкесінің сотқа беріп, қызын өз қолына алу үшін бар мүмкіндігін жасау керек деген көзқарас айтты. "Балалар үйі - баланы беретін жер емес. Мұндай кішкентай қызды балалар үйіне беруге болмайды. Оны әкесінің отбасына неліктен бермегенін біз білмейміз де, түсінбейміз де", - деді Сайын.
Аружан Сайын қыздың анасының белгілі бір ауыр психологиялық күйзеліс жағдайында болуы мүмкін екенін айтты. "Бізде, өкінішке қарай, қазір ата-ана болып жатқан ұрпақ қауіпті. Бұл осы отбасының ғана проблемасы емес. Балаларға деген мұндай әрекеттердің Қазақстанда көптеп кездесіп жатқанын білеміз. Қоқысқа тастайды, тағы сол сияқты. Адамдар ата-ана міндетін атқара алмайды. Бірақ бұл адам мұндай жағдайда қателікке жол бермеуі тиіс деген сөз емес. Егер бала әкесінің үйінде бола тұрып, шешесі өз қатесін түсінсе, оны ата-ана құқығынан айырудың қажеті жоқ. Мен аяусыз әрекетті ақтап алғым келмейді. Меніңше, бала бұл жағдайда отбасыда болғаны жөн. Әкесі де сондай ата-ана. Атасы мен әжесі де сондай. Олардың видеоны Интернетке жүктеуі баланы қорғағысы келетінін көрсетіп отыр", - деді Сайын.