Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылының аумағында киік атқан Ақжайық ауданының тұрғыны ұсталды.
Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Тінту кезінде күдіктіден мүйіздері кесілген 72 дана киіктің өлексесі табылып, тәркіленді.
Осы іске қатысты ҚР ҚК 337- бабы, яғни заңсыз аң аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.