“Аталған акцияның шеңберінде құжаттарды тексеру күшейтілмек. Елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткен дұрыс. “Құқықтық тәртіп” шарасының басты міндеті — елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тіркелмеген азаматтарды анықтау”, – деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Шара “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде қолға алынып отыр.