Вице-премьер А.Мырзахметовтің бастамасымен жануарлар дүниесін сақтау және санын көбейту мақсатында 2017 жылдың 16 ақпанынан 14 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан аумағында көктемгі маусымда аңшылықпен айналысуға тыйым салынған болатын.
Қоғам белсенділері, ғалымдар, табиғат қорғау туралы ассоциация мен бірлестік өкілдері көктемгі аң аулауға тиым салу туралы пікірін қолдап хат жазып, алғыстарын білдіруде.
Еске сала кетсек, көктемгі аң аулауға тиым салудан басқа да табиғатты қорғау шаралары Асқар Мырзахметовтің бастамасымен жалғасын табуда. Атап айтсақ, қытай торларын сырттан алып келуге тиым салу, сексеуілді сатуға және жойылуға жақын қалған бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тиым салу.
Толығырақ ҚР АШМ ресми сайтында: mgov.kz