- Бүгін, 2016 жылдың 26 қазанында Астана қаласы әкімдігінің алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған«Қазақстанның әр азаматының борышы – ел қорғау!» атты салтанатты акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акция аясында Қарулы Күштер қатарына мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылған 72 бозбаланы шығарып салу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Silteme.kz.
Жастарға әскери-патриотты
қ тәрбие беру мақсатында шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға оқу орындарының (мектептердің, колледждер мен лицейлердің) оқушылары, әскери-патриотты қ клубтар мен үйірмелердің тәрбиеленушілері , шақырылушылардың ата-аналары мен қала жастары шақырылды. Салтанатты іс-шараға 4 000-нан аса адам қатысты. Қонақтардың назарына құрмет қарауылы ротасының дефилесі, сондай-ақ, концерттік бағдарлама көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуының күзгі шақырылымы Қазақстанда 1 қазанда бастау алғанын естеріңізге сала кетейік.2016 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1989-1998 жылы туылған азаматтар шақырылатын болады.
26.10.2016, 17:44
Астанада шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
Тегтер:
Пікір жазу