Vlast.kz тілшісіне берген сұхбатында белгілі саясаттанушы республиканың жоғары оқу орындарында биылғы жылға дейін берілген бірқатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қысқаруына қарсылығын білдірді.
Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл «Саясаттану» мамандығына грант көлемін қысқартып, «Дінтану» және «исламтану» мамандықтарына оның көлемін көбейткен.
«Мен бұның діни экстремизмге қарсы күрес мақсатында екенін жақсы түсінемін. Алайда, терроризмге қарсы дінтанушылар көлемін көбейтумен жауап беруге болмайды» деп атап өтті Е.Қарин. саясаттанушы радикалдану мәселесін діни саладағы жағдай деп қана қарастыруға болмайтынын жеткізді.
«Қоғамдағы басқа да құбылыстар секілді бұл жерде де бірнеше фактор бар. Бұл анық. Оның үстіне «дінтану», «исламтану» мамандықтарының саяси ғылымдарсыз дамуы да күдік тудырады» деді Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.