Жиынға қатысатын спикерлер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок.
Форум үстіміздегі жылдың 22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтеді.
XV Еуразиялық Медиа Форумға тіркелу 18-мамырға дейін жалғасады.
Жалпы, үш күнді қамтитын шараға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал спикерлер, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысып, медиа саласының өзекті мәселелері қозғалады.