«Армения соңғы рет совет режимі таңған Жеңіс күнін тойлады. Ол біздің соғысымыз болмаса да, жүздеген мың армян Сталиннің имперлік мүддесі үшін қаза тапты», — деді ол заң жобасы туралы сөзінде.
Пашинянның айтуынша, Жеңіс күнін 8 мамырға ауыстыру арқылы Армения Еуроодақ елдерімен жақындасып, «Еуропа халықтарының бірлігіне қарай тағы бір қадам жасайды».
«Капитуляцияға 8 мамырда қол қойылды. Күллі Еуропа, бүкіл әлем жеңіс күнін 8 мамырда атап өтеді. Енді Армения да солармен бірге», — деді Пашинян.