Астанада ардагерлерге Жеңіс күніне байланысты 350 мың теңгеден беру жоспарланды
18.04.2018, 12:14

Астанада ардагерлерге Жеңіс күніне байланысты 350 мың теңгеден беру жоспарланды

Астанада ардагерлерге Жеңіс күніне байланысты 350 мың теңгеден беру жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешімді елорда мәслихаты шығарды. Құжат 17 сәуірге дейін қарастыру сатысында.

"2018 жылы Астанада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 350 000 теңге қосымша әлеуметтік көрмек көрсетілсін", - делінген мәслихат шешімінде.

Елордалық мәслихаттың депутаттары мұндай шешімді 1995 жылғы 28 сәуiрдегі ҚР "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" заңының 20-бабына сәйкес қабылдап отыр. 

"Бұл шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге қойылған күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланымнан он күнтізбелік күн өткеннен кейін іске асырылады", - делінген шешімде.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер