Әкесі баласынан бас тартқан соң қызға жақындары да түсік тастауға кеңес берген. Алайда бойжеткен баласын өмірге әкелуге бел байлайды.
«Қазіргі жолдасым мені баламмен бірге қабылдады. Бірінші көргеннен баламды өз баласындай көретінін, өзінің ғана баласы болатынын айтты», – дейді келіншек.
Дидарай мен Ерсін ортақ танысы арқылы танысқан. Кейінен таныстығы сезім ұласып, үйленуді жоспарлады.
«Дидарай 20 жасына көп қиыншылық көрді. Ондай қиындықты үлкен жастағы адамдар да өмір бойы көрмеген болуы мүмкін. Дидарайдың бақытты жүзін көріп, өзім де керемет күй кештім», – дейді Аналар үйінің координаторы Айнагүл Нұртазина.