Германия азаматы бүйрегін арзан бағаға ауыстыру үшін Шымкентке келді
10.02.2018, 18:11

Германия азаматы бүйрегін арзан бағаға ауыстыру үшін Шымкентке келді

Шымкентте алғаш рет шетел азаматына трансплантация жасалды. Германия азаматы бүйрегін Шымкентте ауыстырды. Бұл Оңтүстік Қазақстанда шетел азаматына жасалған тұңғыш операция, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.  

Дәрігерлер 4 сағатқа созылған ота сәтті өтті деп отыр. Науқасқа украиналық туысы донор болған.

Дәрігерлердің айтуынша, 50 жастағы шетел азаматын ота бағасының тым арзандығы қызықтырған. Ол 4,5 млн теңге. Ал Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен 60-70 мың доллар шамасында екен.

"Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы дұрыс. Үйіне шығарайын деп жатырмыз, Құдай қаласа, шығады. Әрі қарай кезекте тұрған  Румыния азаматары келе жатыр, Болгариядан да адамдар келе жатыр", —дейді Шымкент қалалық ЖМКК ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев. 

Шымкентте бүйрек ауыстыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Содан бері жүзден астам адамның органы трансплантацияланды. Оның біреуіне мәйіт бүйрегі салынса, өзгелеріне  туыстары донор болған. 

©sputniknews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер