Жібек Жолы көшесімен өтіп бара жатқан куәгерлер автобустың түгелімен өртеніп кеткенін айтты.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі 2014 жылғы "Шаулинь" маркілі автобустың №22 бағытта жүретінін хабарлады.
"Автобус өртенген кезде салонда екі жолаушы мен жүргізуші болған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнын полиция қоршады. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - делінген баспасөз хабарламасында.