Қазақстандықтар қандай елдерге және қанша күнге визасыз бара алады?
11.01.2018, 18:08

Қазақстандықтар қандай елдерге және қанша күнге визасыз бара алады?

2018 жылы Қазақстан әлемдік рейтинг бойынша визасыз баруға болатын мемлекеттер ішінде 65-орынға тұрақтады.

Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 67-орында тұрған еді. Дегенмен, визасыз баруға болатын мемлекеттер саны өзгеріссіз қалды. Визасыз баруға болатын мемлекеттер Мемлекеттер Визасыз жүру мерзімі Әзірбайжан 90 күнге дейін Албания 90 күнге дейін Антигуа және Барбуда 1 айға дейін Аргентина 30 күнге дейін Армения 90 күнге дейін Барбадос 28 күнге дейін Беларусь 90 күнге дейін Бразилия 30 күнге дейін Гаити 3 айға дейін Гонгонг (ҚХР) 14 күнге дейін Грузия 365 күнге дейін Доминика 21 күнге дейін Доминикан Республикасы 30 күндік саяхат картасын 10$-ға алуға болады Индонезия 30 күнге дейін Колумбия 90 күнге дейін Комор аралдары Визаны шекарадан өтерде алуға болады Коста Рика 90 күнге дейін Қырғызстан 90 күнге дейін Македония 90 күнге дейін Малайзия 30 күнге дейін Микронезия 30 күнге дейін Молдова 90 күнге дейін Моңғолия 90 күнге дейін Намибия 3 айға дейін Ниуэ 30 күнге дейін Кука аралдары 31 күнге дейін Ресей 90 күнге дейін Сент-Винсент және Гренадиндер 1 айға дейін Сербия 30 күнге дейін Тәжікстан 90 күнге дейін Түркия 30 күнге дейін Өзбекстан 30 күнге дейін Украина 90 күнге дейін Филипин 30 күнге дейін Оңтүстік Корея 30 күнге дейін Эквадор 30 күнге дейін Ерекше талаптары бар мемлекеттер

Төмендегі мемлекеттерге шығуға жеңілдік қарастырылған. Дегенмен, арнайы талаптары бар екенін ескертікіміз келеді.

Бурунди:  шекарадан өтерде, бір айға виза алуға болады (бірақ алдын ала рұқсат алу қажет); Мысыр: егер туристік агенттік арқылы баратын болсаңыз, визасыз жүруге болады (30 күнге дейін); Хайнань провинциясы (Қытай): жергілікті туристік агенттік арқылы барсаңыз, виза талап етілмейді (топта 5 адамнан аз болмауы керек, Хайкоу мен Санья әуежайларына қону тиіс); Сомали: шекарадан өтерде, 30 күнге виза алуға болады (бірақ демеушінің алдын ала шақырту қағазы болуы қажет); Балқан уәлаяты (Түрікменстан): егер туристік агенттік арқылы баратын болсаңыз, визасыз жүруге болады; Черногория:  әдетте бұл елге жаз мезгілінде визасыз баруға болады (2017 жылы бұл мерзім 1 сәуірден 30 қазанға дейін созылды).

©Baribar.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер