Ғалымдардың айтуынша, жазбаша сөзде әйелдер біреуді алдау үшін «мүмкін», «мен» және «тырысу» деген сөздерді жиі пайдаланады. Сондай-ақ, әйелдер өтірік айтқан кезде орташа есеппен 9,2 сөз қолданады екен (шындықты айтқанда – 8 сөз).
Ал ер адамдар «мүмкін» және «әрине» сөздерін жиі қосады. Сонымен қатар, мамандар әйелдердің ер адамдарға қарағанда жиі өтірік айтатынын анықтады.
Мобильді қосымша арқылы жүргізілген экспериментке 1703 адам қатысты. Қатысушылар айтылған сөздердің рас-өтірігін бағалаған.