Ақ түс тазалық пен мінсіздіктің нышаны. Бүл түсті ұқыпты, ар-ұяты жоғары, парасатты, адал адамдар ұнатады.
Америкалық психолог Бернардо Тирадоның айуынша, қара түсті жұмбақ адамдар қалайды.Мұндай адамдардың сырын білу өте қиын. Олар әдетте арадағы дистанцияны сақтап, адамдармен қарым-қатынаста алшақ болғанды жөн санайды. Олардың талғамы мінсіз.
Көк. Егер көк түсті ұнатсаңыз, сіз қарым-қатынастағы жан жарасымына қатты мән бересіз. Бұл түс адал адамдардың таңдауы. Олар барлық істі жауапкершілікпен атқарып, ойланып сөйлейді.
Жасыл. Психологтардың пікірінше жасыл түсті көңілі қалайтын адамдар ашық және көпшіл. Олар өмірдегі өзгерістерге оңай бейімделіп, ақшадан қиындық көрмейді. Бастаған істерін аяғына дейін жеткізеді.
Қызғылт сары (сарғылт) түсті әйгілі әнші Френк Синатра ұнатқан екен. Сарғылт түсті белсенді өмірлік ұстанымы бар көңілді адамдар таңдайды.Мұндай адамдар үнемі назарда жүргенді ұнатады.
Қызғылт түсті көбіне нәзік, жұмсақ мінезді әйелдер қауымы таңдайды. Оларға қарым-қатынастағы қамқорлық пен қолдау өте маңызды.Мұндай адамдардан жақсы ата-ана шығады.
Күлгін түс шығармашылық адамдарының түсі болып табылады. Бұл түсті ұнататындар менменшіл, кеудемсоқ келеді және ешкімге бағынышты болуды қаламайды. Олар әдетте арқа сүйеуге болатын адал достар.
Қоңыр түсті көп адам ұната бермейді. Десек те оны ұнататын адамдар еңбекқор және шыдамды, әзіл-оспақты түсіне біледі.
Қызылды қызықты оқиғаларға құмар адамдар таңдайды. Мұндай адамдар ашуланшақ, дегенмен қайтымы тез. Алға қойған мақсаттарына жетіп, армандарын жүзеге асырады.
Сұр түспен сенімділік пен қорғаныс байланыстырылады. Сұрды қалайтындар қандай жағдайда да дауласудан аулақ. Көбінесе жандары жалғыздықты қалайды. Тыныштықты ұнатады.
Сарыны ой-өрісі кең адамдар ұнатады. Әр нәрсенің өз орнында тұрғанын қалайды, мінсіздікке ұмтылады. Басқалардан өзіндік әзіл-оспағымен ерекшеленеді.
Ал бірнеше түсті ұнату адам мінезінің белгілі бір жағдаяттарға қарай өзгеруін айтады. Бұл бірқалыпты жағдай.
Дайындаған Үміт Жұмаділова