ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келесі жылы он шақты телесериал түсірілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
05.12.2016, 12:20
Кәріс пен үнді сериалдарын ауылдағылар көреді – Д.Абаев
«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келесі жылы он шақты телесериал түсірілетінін айтты.
«Отандық сериалдар түсіріліп жатыр. Келесі жылы 10 шақты телеxикая жарыққа шығады. Ол туындылар өте сапалы болады. Ал үнді, кәріс, түрік сериалдары сұранысқа байланысты болып отыр. Әсіресе, ауылды жерде көретіндер көп. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірте-бірте азаяды деп ойлаймын. Мемлекеттік арналар бұл сериалдардан бас тартатын шығар. Ал дәл қазір бұл сериалдардан толық бас тартатын болсақ, қазақ телеарнасының аудиториясы шетелдік арналарға кетіп қала ма деген қорқыныш бар. Сондықтан балансты сақтауымыз қажет деп ойлаймын», - дейді Д.Абаев.
Бек ТӨЛЕУОВ
.
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13