Қазақстанда әскери телеарна құру ұсынылды
07.03.2018, 14:38

Қазақстанда әскери телеарна құру ұсынылды

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында әскердегі тәрбие жұмысына қатысты ұсыныстар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі әскери тәрбие жүйесін жақсарту және жетілдіру, әскери тәртіпті нығайту мақсатында 1993 жылғы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институтын құру туралы» ел президентiнiң N1084 Жарлығы қабылданды. Елбасы Жарлығына сәйкес, «ТӘҚЖ бойынша орынбасарлар институты» бастапқыда Қорғаныс министрлігі орталық аппаратынан бастап, барлық буындарға дейін енгізілді. Алайда кейін бұл сала өзгеріске ұшырап, Қарулы Күштерде аталған жұмыс Бас штабқа жүктелген. Осының нәтижесінде, бұнымен ҚР ҚК бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті айналысып келеді. Жарлық ережесі толыққанды орындалуы мақсатында тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс деңгейін көтеріп, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалы мен әскери тәртіпті нығайту керек. Бұл ретте қорғаныс министрлігінде тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымын қайта қалпына келтіруді ұсынамын», - деп атап өтті депутат мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бөлек Бақытбек Смағұлдың депутаттық сауалында жеке әскери телеарна құру бастамасын қарастыру ұсынысы да қамтылған. Оның пайымынша, бүгінде экшн стиліндегі отандық толық метражды көркем фильмдер, ҚР ҚК басқа да әскерлер мен әскери құрылымдары туралы оқу, деректі, ғылыми-танымдық, ағарту фильмдерді жасап шығару бойынша белсенді әрекеттер жоқ.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер