Алаяққа алданып қалған лауазымды тұлғалар
28.04.2018, 10:21

Алаяққа алданып қалған лауазымды тұлғалар

Бішкекте министрлерді алдаған алаяқ іздестіріліп жатыр. Бұл туралы "24.kg" порталына құқық қорғау органдары хабарлады.

Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, белгісіз бір ер адам жаңа министрлерге, атап айтсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Нұрбек Мұрашевке телефон соғып, ақша бопсалаған. 

"Ол өзін президенттің "оң қолымын" деп таныстырып, жоғары қызмет үшін алғыс айту керектігін меңзеген. Бірнеше ведомство басшысынан 150 доллардан алып үлгерген. Қазір алаяқты іздеу жұмыстары жүріп жатыр", — деді құқық қорғау органдарының өкілдері. 

Ауыл шаруашылығы министрі бұл ақпаратты растады. Алданып қалған шенеуніктер құқық қорғау органдарына арызданған. Тексеріс жүріп жатыр. 

Айта кетсек, бұған дейін шенеуніктерден жиі ақша бопсалаған 38 жастағы Санжарбек Супатаев ұсталған еді. Ұрлық, алаяқтық және түрмеден қашқаны үшін бірнеше мәрте істі болған ол, кейбір деректер бойынша, өзін президент аппаратының қызметкерімін деп таныстырған.



Дереккөз: sputniknews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер