Қырғыз оппозиционері: «Атамбаевтың оффшорға жасырған байлығын таптым!»
14.02.2017, 11:56

Қырғыз оппозиционері: «Атамбаевтың оффшорға жасырған байлығын таптым!»

«Ата Мекен» парламенттік фракциясының лидері Өмірбек Текебаев Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Кипр оффшорына жасырған байлығын тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.365info.kz.

Бұл жөнінде ол Бішкекте өткен «Әлеуметтік толқусыз саясат. Фальсификациясыз сайлаулар» деп аталатын форумда айтқан.

Саясаткердің сөздерінше, таяу уақытта толық ақпарат таратады.

«Ата Мекен» лидері осыған дейін ел президентінен халықтан жасырған байлығын жариялауды сұраған.

Кейін ол Атамбаев 2010-2015 жылдары 6 миллион 18 мың сом (шамамен 87 мың АҚШ доллары) пайда тапқанын, бірақ оның шығыны 34 миллион сомды (шамамен 490 мың АҚШ доллары) құрағанын жариялаған. Оның сөздерінше, бұл мәліметті Мемлекеттік кадрлар қызметінен алған.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер