Ақпаратты кез келген жергілікті тұрғын ұялы телефонына бағдарлама орнату арқылы ала алады.
Экологтардың айтуынша, әрбір адам өзі өмір сүріп жатқан аумақтағы ауаның тазалығы жайлы білуі керек. Қырғызстанда ауаның қаншалықты лас екеніне көз жеткізу үшін көпқабатты ғимараттың шатырына шықсаңыз болғаны, Бішкекті түтін тұмшалап тұрғанын көресіз. Бұл көріністің пайда болғанына биыл бірінші жыл емес. Осыған алаңдаған жастар экологиялық қозғалысының белсенділері тұрғындардың қандай ауамен дем алып жатқанын анықтау үшін арнайы жоба ойлап тапты.
Халықаралық донорлардың есебінен арнайы құрылғы сатып алып, ұялы телефондарға арналған бағдарлама құрастырған. Оның көмегімен қаладағы ауаның ластық деңгейін анықтауға болады.