Биылғы қажылар саны – соңғы онжылдық бойынша ең төменгі көрсеткіш
19.09.2016, 10:41

Биылғы қажылар саны – соңғы онжылдық бойынша ең төменгі көрсеткіш

Сауд Арабиясы Статистика ведомствосы биылғы қажылық бойынша соңғы қорытынды деректі жариялады деп хабарлайды old.muftyat.kz.

Биылғы жылы қажылығын өтеген шетелдіктердің 54,6%-ын ерлер, 45,4%-ын әйелдер құраған. Шетел қажыларының басым бөлігі, 94%-ы – әуе арқылы, 5%-ы көлік құралдарымен және 1%  теңіз көлігімен келген. Ал, биылғы қажылардың жалпы саны кемінде соңғы 10 жылда ең төмен көрсеткіш екен. Мәселен, 2007-жылы 1,7 миллионнан аса шетел қажылары мен 746 511 саудиялық тұрғындар, жалпы саны 2,4 млн адам қажылық жасаса, биыл шетел қажыларының саны 1 325 372 адамды, жергілікті қажылар саны 537 537 адамды, барлығы 1,9 миллион қажыны құрады. 2012-жылы қажылар саны 3 миллионнан асты – бұл қажылықтың соңғы он жылдық тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіші болған. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер