Ақпарат көзінің дерегінше, бұл елде кинотеатрға 1980-жылдардың басында тыйым салынған.
«Аудиовизуалды БАҚ бойынша негізгі комиссия кинотеатр ашуға лицензия бере бастады» - деп мәлімдеген Сауд Арабия Мәдениет және ақпарат министрі Аввада бен Салех Аввада.
«Кинотеатрлардың ашылуы экономикалық өсу мен әртараптандыруға ықпал етеді. Мәдениет секторын кеңейте отырып, біз жұмысқа орналасу мен оқытуда жаңа мүмкіндіктер жасаймыз және көңіл көтеру көлемін кеңейтеміз» - де жазылған министр мәлімдемесінде.
Бұл қадам Король ханзадасы Мохаммед бен Салманның кең ауқымды экономикалық және әлеуметтік реформаларының бір бөлігі болмақ. Атап айтқанда, «Келешек 2030» тұжырымдамасының аясында 2018 жылдан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге және спорттық іс-шараларға қатысуға рұқсат беріледі.