Қазғарыштың мәліметінше, «ААШШ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі автокөлік құралында орнатылған борт терминалдардан келетін авариялар туралы сигналдарды қабылдап, оларды Қазақстанның барлық облыстарына ортақ бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік («112» БКДҚ») қызметіне жіберетін болады».
Өз кезегінде, ААШШ жүйесінің «112 БКДҚ» арнайы оқытылған операторы электрондық картасынан нақты координаторларын анықтап, жүргізушіден дыбыс байланысы арқылы керекті мәліметтерді сұрап білгеннен соң, алынған ақпаратты жедел пысықтап, оны жедел қызметтерге (жедел жәрдем, ЖПҚ) жібереді.
ААШШ жүйесінің виртуалды ұялы операторының құрылуына дейін борт терминалдардан келетін мәліметтерін жіберу функциясын Қазақстан Республикасы аумағының максималды қамтылуын қамтамасыз ететін қазақстандық ұялы байланыс операторы атқаратынын атап кеткен жөн.
«2017-2019 жылдардағы жұмыстар аппараттық құралдарын сатып алу, ААШШ жүйесінің виртуалды ұялы операторын құру, сондай-ақ «ЭРА-ГЛОНАСС», «ЭРА-РБ» жүйелерімен және жол-көлік оқиғалары туралы төтенше қызметтерді жедел хабарландыруға арналған «eCall» еуропалық кешенді автокөлік жүйесімен үйлесуін қамтиды», — деп айтты Қазғарышта.