Бірақ жапон ғалымдары кері қасиетке ие шынының жаңа түрін ойлап тапты. Ерекше шыны синтетикалық полимерден тұрады. Бұл туралы "Хабар" арнасы жариялады.
Мамандар бұл затты желім жасап шығарумен айналысып жатқан кезде кездейсоқ анықтаған. Сөйтіп одан шыны құйып шығуды ұйғарады. Нәтижесінде сынған соң қалдықтарын бір-біріне басып қысса, тез-ақ жабысып қалатын осындай шыны шығады. Ғалымдардың айтуынша, бұл ерекше шыны толықтай бастапқы қалпына келуі үшін 6 сағат уақыт кетеді екен.
Ю Янагисава, Токио университетінің ғылыми қызметкері:
– Жұмсақ, иілгіш материалдан жасалған затты жөндеу оңай. Ал қатты затты қалпына келтіру көбіне мүмкін емес. Мен осылардың әрқайсысының өзіндік қасиетін, артықшылығын пайдаландым.