Ежелгі гректер қолғап кигенді аса ұнатпапты. Бұл елде қолғапты тек қара жұмысқа пайдаланған. Ал римдіктер болса, тамақ ішкенде арнайы қолғап киіпті. Бұл қолды былғамаудың әрі ыстық тамаққа күйіп қалудан сақтайтын әдіс екен.
Ортағасырлық Еуропада мынадай дәстүр болыпты. Егер қолғабыңды біреудің аяғының астына тастасаң, ол – жекпе-жекке шақырудың белгісі саналған.
Ал бокс қолғабы, әрине, бокстың отаны Англияда сонау ХV ғасырда пайда болған. Бастапқыда ағылшындар бокс қолғабын жаттығу кезінде ғана пайдаланыпты. Тек 1867 жылдан бастап жарыстарда қолғапты пайдалана бастаған. Ал 1892 жылы АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында қолғапты бокстан ең алғашқы әлем чемпионаты өтеді. Бұл бәсекеде Джеймс Корбетт есімді америкалық боксшы жеңімпаз атанған екен.
Дереккөз: kazgazeta.kz