ҚАЗАҚСТАН ТМД БОЙЫНША ЛОГИСТИКА ТИМДІЛІГІ ЖӨНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕ 88 ОРЫННАН 77 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
21.02.2017, 00:36

ҚАЗАҚСТАН ТМД БОЙЫНША ЛОГИСТИКА ТИМДІЛІГІ ЖӨНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕ 88 ОРЫННАН 77 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлер тасымалы 2 есеге артып, 104,5 мың контейнерді құрағанын және  (2015 жылы 47,3 мың.)  2017 жылы барлық контейнерлер тасымалының көлемі 330 мың контейнерге дейін жететінін (оның ішінде Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлер 230 мың болады) мәлімдеді.

«Транзиттік авиажолаушылар саны 2016 жылы 250 мыңнан 478 мыңға дейін жетті. 2017 жылы олардың саны 600 мыңға жетеді деп жоспарлануда. Негізгі жолаушылар легін Азиядан Қазақстан арқылы Еуропаға және кері бағытта қатынайтындар құрайды», - деп атап өтті министр.

Қазақстандық әуекомпаниялардың Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеу алынды. Енді ЭКСПО-2017 кезінде туристерге қызмет көрсету үшін Астана қаласына ұшатын әуе рейстердің санын арттыру мақсатында «ашық аспан» жобасын бастау көзделіп отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар 913 шақырым автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ, оның 767 шақырымы пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін 75 мың адам жұмылдырылды», - деді министр өз баяндамасында.

2017 жылы бөлінген қаржы есебінен 7 өтпелі жобалардың жұмысы жалғасып, (Астана-Қарағанды, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Орталық-Батыс, Қапшағай-Талдықорған, Астана–Петропавл және Орал-Каменка), жыл соңында соның 602 шақырымындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 12 жаңа жобаның құрылысы басталады. Оның ішінде жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайтын 9 жоба Халықаралық қаржы институтының (МФИ)есебінен жүзеге асырылатын болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жалпы алғанда, биыл 4,4 мың шақырым жолға жұмыс жүргізіліп, 100 мың адам жұмылдырылмақ. Биыл жалпы ұзындығы 469 шақырымды құрайтын Алматы-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдарын ақылы қылып, төлем өндіріп алу жүйесін іске қосуды жоспарда (2020 жылға қарай 6 мың шақырым жолды ақылы қылып, сол арқылы жыл сайын 30 млрд.теңге көлемінде қаржы жиналады деп жоспарланып отыр).

Сонымен қатар, министр автожолдармен қатынаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін сапалы инфрақұрылымға үлкен мән берілетінін атап өтті. Ағымдағы жылы жолдардың бойында халықаралық талаптарға сай 50 қызмет көрсету нысанын салып, қазір жұмыс істеп тұрған 800 нысанды жаңғырту жоспарлануда.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер