Зияткерлік сайыста Әсет Қайыржанов 1-орынды иеленді. Жарасқан Сағынбаев пен Аида Қарина және Бектас Кенжеғалиев 3-жүлделі орындарды бөлісті. Жалпыкомандалық нәтиже бойынша облыс құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің айтуынша, ұлттық ойын түрі саналатын тоғызқұмалақты жетік меңгерген жастар қатары артып келеді.
«Қазір балалардың дені бар уақытын қалта телефонына үңілуге арнайтыны рас. Ал, зияткерлік ойын олардың ой-өрісін ұштап, зейінді де зерек болып өсуіне ықпал етеді», - дейді бапкер.