Видеодан қарияның аулаға орнатылған спорттық құралдарда жаттығу жасап отырғанын көруге болады. Екі күнде видеоны 6 мыңнан астам адам көрген.
Немересі әжесінің бұл алаңға бұрыннан келіп, жаттығатынын айтып отыр. 80 жастағы әженің 7 баласы мен 10 немересі бар. Бұған дейін жеке үйде тұрып, үйдің ұсақ-түйек тірлігінен тынып таппай үйреніп қалған әже екі қолын бос қояр көпқабатты үйде зеріккен көрінеді. Сол себепті де спортпен шұғылдануды жөн көріпті.