Қатарынан тұрған түрлі жаттығу құрылғысын қалай пайдалануды білмейтін ол біреуден сұрауға қымсынған болуы керек. Оның жаттығу құрылғысында отырып алып, қалай қимылдау керек екенін білмей басы қатып отырған көрінісі сол жердегілердің күлкісін келтірді. Бір бала жүгіріп келіп орысша түсіндірмек болып еді, ол түсінбеді. Сосын инструктор көрсетіп берді. Бірақ ол аяғын ауыртып баж ете қалды. Жиналғандар тағы ду күлді. Құрылғы көңілінен шықпаған сыңайлы, ақыры ол тұрып кетті. Дегенмен айналасындағылардың көңілін көтеруге себепкер болды. Ешкім оны мазақ қылғысы келмеген болуы керек.
Дереккөз: ktk.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.