«WBK ұйымының чемпиондық белбеуін неліктен қорғамай жүргенімді көпшілікке айтып берейін. Қытайлық тарап келісімшарттың міндеттемесін толықтай орындаған жоқ. Олар чемпиондық жекпе-жектегі сыйақының 1/3 бөлігін төлемеді. Сол себепті барлығы созылып кетті. Осы жылдың көктемінде өзара келісімге келеміз және титулымды Қытайда қорғаймын деп үміттенемін!» — деді Хамитов Instagram парақшасында.
Естеріңізге салайық, 26 қарашады Fight Nights Global 80 турнирі аясында Хамитов ирландиялық Питер Куиллимен (10-4-1) кездесіп жеңіске жеткен еді. Алайда, тәуелсіз коммисия Куиллидің командасы берген шағым бойынша ұпайларды қайта есептеп, жекпе-жек нәтижесі тең есепке өзертті.