«Аздап күліп алыңыздар. Шын айтамын, мен әдейі айтқан жоқпын», – деп спортшы жеңісінен кейінгі видеосымен бөлісті.
Айта кетейік, Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өтіп жатқан шаңғыдан «Тур де Ски» турнирінде ерлер арасындағы масс старт бәсекесіндегі 15 шақырымдық классикалық жүгіру жарысында қазақстандық шаңғышы Алексей Полтаранин жеңімпаз атанған болатын. Отандасымыз жарыстан соң тікелей эфирде халықаралық шаңғы спорты федерациясының тілшісіне балағат сөз айтып ұятқа қалған еді.
Алексей Полтаранин 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында дүниеге келген. Ол шаңғы спортынан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. А.Полтаранин 2006, 2010 және 2014 жылдары қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан.