Бейжің қаласындағы Ұлттық су спорты олимпиада орталығында өткізілген шараға Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің орынбасар премьері Чжан Гаоли, Бейжің қаласы әкімі және Бейжің қысқы Олимпиада ұйымдастыру комитеті төрағасы Цай Ци қатысты.
Синьхуа ақпарат агенттігінінің хабарлауынша, XXIV қысқы Олимпиада ойындары логотипі қытайдың «Қыс» (冬) деген иероглифіне ұқсатылып «қысқы арман» деп аталды. Ал XIII Паралимпиада ойындары логотипі қытайдың «Ұшу» (飞) әрпі негізінде жобаланып, «Самғау» деп аталды.
Айта кетейік, Бейжің қаласы 2015 жылғы Халықаралық Олимпиада комитетінің 128 сессиясында 44 дауыс жинап XXIV қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарын өткізу мәртебесін жеңіп алды.