Профи-рингте алғашқы айқасын өткізген Аида Сатыбалдиева бұрын-соңды жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны тізе бүктірді. Бұл туралы "ВКонтакте" желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" парақшасында хабарланды.
Қазақстандық спортшы қыздың кәсіпқой рингтегі дебютті жекпе-жегі Калифорниядағы (АҚШ) бокс кеші аясында өтті. Оның америкалық қарсыласы бұған дейінгі төрт айқасында да жеңіліп көрмеген екен.
Спортшы, Солтүстік Қазақстанның тумасы. 2015 жылы Қазақстан чемпионатына қатысып, іріктеу кезеңінде жеңіліске ұшыраған болатын.