Қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
06.12.2017, 12:50

Қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Қарағандылық Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшылар джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль ұтып алды. Жалғыз алтын жүлдені ел құрамасының қоржынына қарағандылық Нұржан Сейдуәлі салды. Сайыс Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған 36 елден 350 спортшы қатысты. Қарағандылық джиу-джитсу мектебінің тәлімгері Нұржан Сейдуәлі 56 килограммға дейінгі салмақта бас сынасты. Жерлесіміз үш рет жекпе-жекке шыққан. Біріншісінде ол канадалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Нұржан Израильден келген спортшымен белдесіп, қылқындыру әдісі арқылы тізе бүктірді. Ақтық сайыста ол Бельгиядан келген қарсыласын да сан соқтырды. Қазақстан Әлем чемпионатында жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді.



Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер