Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 24 қазанда мектеп оқуышыларының арасында жаппай таңғы дене шынықтыру іс-шарасына қатысты. Бұл іс-шара 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28 Бүкіл әлемдік қысқы Универсиада аясында өткізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Таңғы дене шынықтыруға тек Көкшетау қаласының өзінде-ақ 1000 жуық оқушы қатысты. Облыс орталығының №2 мектеп оқушылары таңғы дене шынықтыру жаттығуларын шаңғы жарысы бойынша спорт шебері Эльмира Мутагарова және жеңіл атлетика бойынша спорт шебері Максим Мартеевичпен бірге өткізді.
Бір жаққа еңкею, отыру, кеудені жерден көтеру, арқа бұлшық еттерін жетілдіру және «ласточка» тепе теңдігін дағдыландыру – шеберлердің оқушылармен бірігіп жасаған дене шынықтыруынан көрінді. Спортшылардың көрсеткен іс-қимылдарын оқушылар үлкен қызығушылықпен қайталап отырды.
Максим Мартесевич өз сөзінде салауатты өмір салты әрбір адамның өмірлік серігі және денсаулық - өмірдегі ең басты құндылық екендігін атап өтті.
«Мен спортпен 10 жасымнан бастап айналысып спорт шебері деңгейіне дейін жеттім. Шаңғымен айналысу барысында бүкіл әлемді аралап Австрия, Чехия, АҚШ елдеріне бардым. Бұқаралық спорт миллиондаған адамдарға өзінің физикалық деңгейін және қозғалу мүмкіншіліктерін дамытуға, денсаулығын нығайтуғажәне өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді.» - деді Эльмира Мутагарова.
Оқушылар өз кезегінде спортпен айналысқылары келетіндігін, Максим мен Эльмира сияқты атақты, Олимпияда төрінен орын алған әйгілі Дмитрий Баландин сияқты спортшылар болғысы келетіндігін айтты.
Іс-шара соңында оқушылар спортшылармен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарын қойып, жоғары спорт шеберлерімен суретке түсті.
Бүкіл Әлемдік 28 қысқы Универсияда 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Келе жатқан студенттік ойындарда әлемнің 55 мемлекетінен екі мыңға жуық спортшылар қатысады.