Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршкидің айтуынша, әлем чемпионаты Жоңғар Алатауында 4-6 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Таудың орналасуы әуеде ұшуға қолайлы алаң болып табылады.
«Шалғай аймақта әлемдік деңгейдегі шара неге өткізіліп жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Оның басты себебі 2016 жылы өңірде Азия чемпионаты, одан бұрын 2015 жылы Азия чемпионаты алдындағы жарыстың өтуі. Халықаралық аэронавтика қауымдастығы біздің ұшу орындарын, сайыстарды ұйымдастыру мен дайындық деңгейін өте жоғары бағалады. Сондықтан, мамыр айында Әлем кубогын өткізу құрметі ұсынылды», - деп атап өтті Игорь Виршки.
Әлем кубогында Үндістан, Чехия, Корея, Косово, Моңғолия, Кипр, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, Украина сияқты т.б. 15 шет мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Ал Алматы облысынан 10 үздік спортшы бақ сынаспақ.
Спорттық шараның серіктесі болып табылатын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы халықаралық деңгейдегі оқиғаның орын алуы аймақта аэротуризмнің дамуына жаңа серпін беретініне сенімді.