«Мен Лас-Вегастағы «Синко де майода» өз титулдарымды қорғайтын боламын. Ресми хабарлама таяуда болады!» - деп жазды Головкин Твиттерде. Невада штаты Атлетикалық комиссиясы «Канело» ісі бойынша әлі шешім шығарған жоқ, бірақ соған қарамастан оның командасы 5 мамырдағы рематчтан бас тартқан - бұл жекпе-жектің болмайтыны ресми түрде мәлімделді.
Головкиннің келесі айқасы T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand Garden Arena-да өтпек. Оның әлеуетті қарсыластарының тізімінде - Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО), кіші Хулио Сесар Чавес (50-3-1, 32 КО), Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) бар. Сондай-ақ, бұл тізімде Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) кандидатуралары да ұсынылған еді, алайда олар болмайтын болды.