«Медаль алған спортшыларға өткен Олимпиада ойындары секілді сыйақы беріледі. Бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллар қарастырылған. Екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 75 мың доллар. Алтыншы орынға дейінгі спортшыларға сыйақы бар. Бұған дейін де сыйақы мөлшері осындай болды», - деді Қанағатов.
Демек, өткен ойындармен бірдей болса, төртінші орын алған спортшыларға 30 мың доллар беріледі. Бесінші орын – 10 мың, алтыншы орын – 5 мың доллар.
Айта кетейік, Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындары 9 ақпанда басталып, 25 ақпанда бітеді.
Төлеш Есет Журналист, ©prosports.kz