Головкинге ұлттық оюы бар аяқ киім тікті
01.09.2016, 20:00

Головкинге ұлттық оюы бар аяқ киім тікті

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, атақты баскетболшы Майкл Джордан мен Nike компаниясының бірлесіп құрған спорттық атрибутика өндірумен айналысатын Jordan Brand компаниясы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арнап, қазақтың ұлттық оюы бар аяқ киім шығарып берді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі ВКонтакте» желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин Jordan Brand компаниясымен сәуір айында келісімшарт жасасқан еді. Бұған дейін кәсіпқой боксшылардан Андре Уорд пен Рой Джонс осы компанияның бренд өнімдерін таныстырумен айналысқан. Енді, міне, бұл қатарға жерлесімізде қосылып отыр.

Аяқ киімге қазақтың ою-өрнегі түсіріліп, GGG белгісі жазылды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні IBF тұжырымы бойы әлем чемпионы атағын қорғап қалу үшін ағылшын боксшысы Келл Брукпен кездеседі. Бұл кездесу Лондон қаласында өтеді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер