Головкин - Мартиросян жекпе-жегі «QAZAQSTAN» мен «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінде!
05.05.2018, 15:27

Головкин - Мартиросян жекпе-жегі «QAZAQSTAN» мен «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінде!

6 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен американдық  Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО)  арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және  «QAZSPORT»  телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетсек,  Геннадий Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз  2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы титулдарына ие. 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша  әлем чемпионы атанды. Ал, 2017 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварестің жекпе-жегі тең аяқталды.

Ал, Мартиросян 2005 жылы әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан боксшы. Ол шаршы алаңда 40 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен. Үшеуінде жеңілсе, біреуінде қарсыласымен тең түскен. Соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 21 мамыр күні Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасып, шешімі бойынша жеңіліс тапқан.

Астана уақыты бойынша 06:30-да трансляцияның алдында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев арнайы студияға келіп, Геннадий Головкиннің алдыңғы жеңістері туралы комментаторлармен бірге  сөз қозғап, ойларымен бөлісетін болады. Ал, көрсетілім аяқталған соң, Головкин өткізген жекпе-жекті қорытындылайтын сараптамалық бағдарлама шығады.

Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде 6 мамыр күні, сағат 07:00-де көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары Головкиннің барлық жекпе-жектерін тұрақты түрде көрсетіп келеді.

Жексенбі күннің негізгі жекпе-жегі – Головкин & Мартиросян кездесуін өткізіп алмаңыздар!

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер