Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) америкалық Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы кездесуде қанша табыс табатыны анықталды.
Олардың кездесуі Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Лас-Вегаста HBO арнасында PPV жүйесі бойынша Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетіліп, жекпе-жек өтпейтін болды.
USA Today мәліметі бойынша, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин екі миллион мен үш миллион доллардың көлемінде табыс табады екен. Өйткені, оның жекпе-жегі НВО арнасында ақылы жүйе арқылы емес, тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ басылымының жазуы бойынша, егер GGG қыркүйек айына дейін "Канелоны" күтетін болған болса, шамамен 30 миллион доллардай табыс табуы мүмкін болған екен.
Бұған дейін ESPN Deportes басылымының тілшілері Головкин мен Альварес арасындағы кездесу өтпейтініне байланысты 250 мың доллардан айырылғанын жазып еді.
Дегенмен де Головкин әлі де болса "Канеломен" кездесуді өзінің басты мақсаттарының бірі етіп отыр. Өз кезегінде Альварес те қыркүйек айында отандасымызбен кездесуге ниетті.
04.05.2018, 14:05
Головкин Мартиросянмен өтетін кездесуден қанша пайда табатыны белгілі болды
Головкин бұл кездесуде "Канелоға" қарсы кездесуге қарағанда 10 есе аз табыс табады.
Тегтер:
Пікір жазу