"Канелоның" командасы Геннадий Головкинді сотқа берді
02.05.2018, 12:45

"Канелоның" командасы Геннадий Головкинді сотқа берді

Сондай-ақ, олар Невада штатының Атлетикалық комиссиясын да сотқа берген.

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) адвокаты Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) сотқа берді, деп жазады Sports.kz.

Олар қазақстандық боксшыны ақпан айында "Канелодан" допингтің табылуына байланысты айтқан сөздері үшін, яғни шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратты деп айыптап отыр.

Еске сала кетейік, Головкин ол кезде Альваресті допингті білместіктен емес, әдейі қолданды деп кінәлап, оны "алаяқ" деген болатын. ESPN журналисі Сальвадор Родригестің айтуынша, Геннадий өзі де сот процесіне қатысуға мәжбүр болады.

Сондай-ақ, "Канелоның" командасы боксшыны алты айға спорттан шеттеткен Невада штатының Атлетикалық комиссиясын да сотқа беріп отыр.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер