Абылайхан Құсайынов осымен жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Абылайханның еншісінде 5 нокаут бар. Оның қарсыласы да осал болмады. Осы уақытқа дейін Хесус Сильвейру қарсыластарын бірнеше рет аса басымдықпен ұтқан. Екі боксшының жекпе-жегі жеңіл салмақ (61,3 келі) дәрежесінде өтті.
Ал Нұрзат Сабиров өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жектің бәрін нокаутпен аяқтап отыр. Оның қарсыласы Франсиско Гарсия осы уақытқа тоғыз жекпе-жек өткізіп, бесеуінде нокаутпен жеңген. Екі боксшы екінші орта салмақ дәрежесінде (76,2 келіге дейін) айқасты.