Орта салмақтағы əлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес командалары боксшылардың арымта матчы өткізілетін күнімен уағдаласты.
Fox Deportes басылымының хабарлауынша, олардың екінші жекпе-жегі мексикалық ұлттық Синко де Майо мерекесінде, яғни келесі жылдың мамыр айының басында өткізіледі.
Енді "Канело" өкілдері ресми хабарлауы үшін жекпе-жектің келісім шартына қол қоюы керек. Бұдан бұрын мексикалық осы аптада өзінің промоутерлерімен кездесуі керек деп айтылған. Қарымта-матч өткізілетін жер əзірге анықталмады.