Головкин Джейкобсты карьерасындағы ең қауіпті қарсылас екенін мойындады
09.03.2017, 14:23

Головкин Джейкобсты карьерасындағы ең қауіпті қарсылас екенін мойындады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты сыйлайтынын және карьерасындағы ең қауіпті қарсыласы деп есептейтінін мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 «Мен өзімді тамаша сезініп отырмын және қатты толқып жүрмін. Бұл жекпе-жекке дайынмын. Дэниэл Джейкобс - өте мықты боксшы және күші мығым. Ол жай ғана боксшы ғана емес, жақсы атлет. Мен әр күні қажырлы еңбектеніп жатырмын. Мен соққы күшін ғана емес, таймингті (жекпе-жектің ұзаққа созылуына да) де жаттықтырып жатырмын. Джейкобс - мен жұдырықтасып көрген боксшылардың ішіндегі ең қауіптісі. Мен оны сыйлаймын, жақсы жігіт. Дэниэл ракты жеңген. Мен оның бірнеше жекпе-жегін көрдім, мықты сияқты. Ол мен үшін ең қиын қарсылас болады деп есептеймін», - дейді Головкин. Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрерменге ұсынады. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер