Бұл туралы “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобында айтылды.
Жекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен. «Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спаринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік», – делінген хабарламада.